«Театрдың ғажайып әлемі»
«Театрдың ғажайып әлемі» атты мектепаралық байқауда мектебіміз ерекше өнерімен көзге түсіп, 3-орынды иеленді! Бұл – мектебіміздің шығармашылық бағыттағы жұмысының, ұстаздар мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі! Әсіресе, мектебіміздің мақтанышы Рысқали Санжар өз дарыны мен шынайы актерлік қабілетін көрсетіп, «Лучшая мужская роль» номинациясын жеңіп алды! Бұл жеңіс – тек бір байқаудағы нәтиже ғана емес, ол – оқушылардың сахна мәдениетіне деген сүйіспеншілігі мен ынтасының жарқын көрінісі.